Еуропалық Одақ көп мөлшерде вакцина шығарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық Одақ көп мөлшерде вакцина шығарады

26.03.2021

Еуропалық Одақ жазға қарай коронавирусқа қарсы вакцинаның ірі өндірушісі болады. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон хабарлады.

Ол екпе арқылы Ресей мен Қытай әлемде өктемдікке ие болып, «жаңа типті соғыс» қаупін төндіруде деді. Сол себепті Қарт Құрлық препараттың жылына 2-3 млрд дозасын өндіріп, оны экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Айта кетсек, ұйымға мүше елдерде тұрғындар вакцинация қарқыны баяу жүріп жатыр деп шағымдануда. Дегенмен Еурокомиссия басшылығының мәлімдеуінше, былтыр желтоқсаннан бері Одақ аумағында екпенің 62 миллион дозасы таратылып, 77 миллион дозасы басқа елдерге жіберілген.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу