Қазақстанда 5,6 млн гектар ауыл шаруашылық жері мемлекеттің меншігіне қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 5,6 млн гектар ауыл шаруашылық жері мемлекеттің меншігіне қайтарылды

25.03.2021

Жалпы 4 жылда 15 млн гектардан аса пайдаланылмаған жер анықталған. Былтыр Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай мен Маңғыстау облысындағы шаруашылық жерді космос арқылы анықтау жобасы басталған. Ауылшаруашылығы министрі биылдан бастап енді барлық аймақтың жайылымдық жері ғарыштан бақыланатынын еске салды. Айта кетейік, игермейтін жерді өз еркімен бас тартуға экономикалық тұрғыдан мәжбүр ету үшін салық мөлшері де 10 еседен 20 есеге дейін артқан еді.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу