«Грэмми» жүлдегері Иманбек Зейкенов жерлестерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Грэмми» жүлдегері Иманбек Зейкенов жерлестерімен кездесті

19.03.2021

«Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек туған қаласы Ақсуға келіп жастармен кездесті. Ол облыс әкімдігі сыйға берген 2 млн теңгені қайырымдылық қорына аударатынын айтты. 

Саунд-продюсер ешқайда қоныс аудармаймын, туған қаламда шығармашылықпен айналысамын деді. «Үздік ремикс» номинациясы бойынша «Грэмми» жүлдесін жеңіп алған отандасымыз қазір атақты әнші Шон Полмен бірігіп ән жазып жатыр. 

Болат Аманбаев 

Хабарламаларға жазылу