Қазақстандық музыкант Иманбек Grammy сыйлығын жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық музыкант Иманбек Grammy сыйлығын жеңіп алды

15.03.2021

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов «Grammy» жүлдесін жеңіп алды. Ол өңдеген «Roses» ремиксі бас жүлдеге лайық деп табылды.

Иманбек қазір Мәскеуде. «Үздік ремикс» номинациясының жеңімпазы атанғанын ол сол жақта жүріп хабардар болды. «Музыкант мансабындағы ең биік жүлде-« Grammy-ді» жеңіп алдық, біздің қолымыздан келді» деп жазды ол жеке парақшасында. Айта кету керек, Ұлыбританияның ресми синглдар чартында Иманбектің ремиксі көш бастаған болатын.

Ол осы жолы ең үздік деген әлемдік деңгейдегі үш музыкантты басып озды. Павлодарлық жас дарын қазір танымал әртістермен бірігіп тректер жазуда.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу