Дінаралық диалогты дамытуға арналған фотокөрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дінаралық диалогты дамытуға арналған фотокөрме өтті

18.03.2021

«Ислам және адамзат: кеше, бүгін, ертең». Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталық бүгін осындай атаумен фотокөрме өткізді. Оған шетелдік дипломаттар, әлемдік және дәстүрлі дін өкілдері қатысты. Көрмеге 45-тен астам сурет қойылған. Оны орталық қызметкерлері 100-ден астам фотоның ішінен іріктеп алыпты. Онда исламның рухани, ғылыми, мәдени мұрасымен танысуға болады. Және мұсылмандардың күнделікті өмірі бейнеленген. Орталық төрағасы алдағы уақытта өзге дінге қатысты фотокөрмелерді де ұйымдастырамыз дейді.

Болат Сәрсенбаев, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының төрағасы:
Көрмеден бөлек, халықаралық онлайн конференциялар болады. Алда 19-шы Съез хатшылығы келе жатыр. Онда 7-ші Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің тақырыптарын айқындаймыз. Қазір дайындық қызу.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу