Еуропалық парламентте басқосу өтті

13.12.2019

«Қазақстандағы бейбітшілік пен үйлесімділік моделі және католицизм». Осындай атпен Еуропалық парламентте басқосу өтті. Еліміздің Бельгиядағы елшілігі ұйымдастырған шараға конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Алтай Абибуллаев пен Елордадағы католик шіркеуінің архиепископы Томаш Пета арнайы қатысты. Конференцияда еліміздегі дінаралық татулықтың үлгісі жан-жақты талқыланды. Қазір Қазақстанда 18 діннің өкілі тату-тәтті тұрып жатыр. Оның 200 мыңы католик дінін ұстанатындар. 6 рет әлемдік дінбасылардың съезін өткізіп, дінаралық, ұлтаралық достықты нығайтудағы Қазақстанның рөлін Еуропалық сарапшылар мен депутаттар жоғары бағалап отыр. 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу