Қарағандыда кәсіпкер мен күзетшінің өлі денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда кәсіпкер мен күзетшінің өлі денесі табылды

30.10.2018

Қарағанды қалысының Майқұдық елді мекенінде шұжық цехының қожайыны мен күзетшісі өлі күйінде табылды. Полицейлер алдымен 52 жастағы күзетшінің денесін цех аумағынан тапқан. Тәртіп сақшылары дереу кәсіпорын иесіне іздеу салады. Көп ұзамай, кәсіпкердің денесін көпқабатты тұрғын үйдің ауласында тұрған жекеменшік «Toyotа Rav-4» көлігінің ішінен көреді. 48 жастағы азамат өзін-өзі басынан атқан. Қазір күзетшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал, кәсіпкерді «Өлімге итермелеген» деген күдік бар.    

Жанатай Сембеков, облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

- Аталған факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу