Ақтөбе облысынан алтын қорамсақ табылды
Садақ оғын салатын ежелгі алтын қорамсақ алғаш рет Ақтөбе облысынан табылды! Ерекше жәдігер Тасқопа қорымынан 2019 жылдың күзінде қазып алынған «Алтын адамға» тиесілі. Бүгін көпшілікке атқарылған жұмыстардың қорытындысы жарияланды.
Бұл – Қазақстанның батысында табылған ең құнды дүниенің бірі. Тасқопа қорымына 2,5 мың жыл бұрын осы жерде өмір сүрген тайпаның көсемі жерленген. Ғалымдардың айтуынша, олар сақ тайпаларымен рулас болғандықтан көп жәдігерлері ұқсас. Қабір ерте замандарда тоналған. Сол себепті антропологиялық зерттеу жұмысын жүргізу мүмкін болмаған. Соның өзінде бұл соңғы жылдардағы археология саласындағы ең үлкен жаңалықтың біріне баланып отыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04
Энергетикалық сусындардың сатылымы екі жылда 65%-ға өсті
27.11.2026, 20:03
Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айтты
27.11.2026, 20:03