Алматыда бірнеше жол ережесін бұзған азамат ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бірнеше жол ережесін бұзған азамат ұсталды

23.10.2018

Алматыда әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта шығып, «Мерседес» маркалы көлігімен ойқастаған 19 жастағы азамат ұсталды.

Алматы көшелерінде көлігімен арлы-берлі ойқастап, тәртіпке бағынбай, тырнақша ішіндегі «ерлігін» көрсететін жастар азаяр емес. Бұл жолы қаланың әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта шығып, «Мерседес» маркалы көлігімен ойқастаған 19 жастағы азамат ұсталды. Жас жүргізуші Шымкет қаласының тумасы Қуаныш Әкім есімді жігіт болып шықты. Ол осы әрекетімен әлеуметтік желілерде жұртқа мақтанып, видеосын жариялаған. Осылайша, бірқатар заңбұзушылық фактілері анықталып, әлгі адам жүргізуші куәлігінен айырылып, айыппұл төлейтін болды. Бұдан бөлек, оған ҚР Қылмыстық кодксінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

- Бұл баптың нормалары бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделуде.  Соттың қарауының нәтижесінде ол жол жүру куәлігінен айырылатын болады.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу