«Алтын жебе-2021» кешенді сынағы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын жебе-2021» кешенді сынағы басталды

16.03.2021

Қарулы Күштер саласының «Алтын жебе» кешенді сынағы басталды. Оған биыл үш мыңдай сарбаз бен үш жүзге тарта жауынгерлік және авиациялық техника тартылды.

Бірінші кезең шығыс өңірінде өтіп жатыр. Мұнда десанттық-шабуылдау бөлімшелері жиналды. Олар ұшқышсыз ұшатын аппараттарды сынап, барлау құралдары мен әскери-көлік авиациясын тексеріп жатыр. Күндіз және түнде тактикалық оқ ату жаттығулары орындалып, ұшу мен торуылдағы жауынгерлік қимылдар бағалануда. Әскери қызметшілер медициналық даярлық, минаны залалсыздандыру, топография бойынша норматив тапсыруда. Кешенді сынақ 9 сәуірге дейін жалғасады.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу