Елбасы «Қазанат» ипподромына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Қазанат» ипподромына барды

13.08.2017
Елбасы «Қазанат» ипподромына барды

Мемлекет басшысы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің мәдени-думанды және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы аясында ипподромда өтіп жатқан жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирін тамашалады.  Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ипподром аумағында орналасқан «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін аралап көрді. Нұрсұлтан Назарбаевқа кешен қонақтары назарына ұсынылатын қазақ халқының ұлттық тағамдарының түрлері, қолөнер бұйымдары, спорттық ойындар мен салт-дәстүр үлгілері көрсетілді.

inform.kz 

Хабарламаларға жазылу