Ақтауда базар өртеніп, 50-ге жуық кәсіпкер шығынға батты
Ақтауда базарлардың бірінде өрт шығып, 20-дан астам сауда орны жанып кетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау түнгі сағат 3-тер шамасында басталған. Мамандар өртті 4 сағат бойы өшіріп, таңда әрең ауыздықтады. Қызыл жалын 400 шаршы метр аумақты шарпып, жеміс-жидек пен көкөніс сататын сауда орындарының бәрі күлге айналды. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін. Нақты себебі әлі анықталуда. Ал,тілсіз жаудың салдарынан 50 шақты кәсіпкер шығынға батты.
Кристина Завозникова, кәсіпкер:Менің тауарымның құны 1 миллион теңгеден кем емес. Енді оны кім өтейді белгісіз. Табиғи өнімдер сатамын. Наурыз мейрамына деп көп алдырғанбыз. Осында таңнан бері тұрмыз. Ішке кіргізбейді, себебін де айтпайды.
Мәлік Әбдіқадіров, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:Жеке кәсіпкерлермен қала әкімшілігі жұмыс жасауда. Кәсіпкерлерге басқа жерлерге орналастырамыз ба, базарларға немесе қандайда бір жолын тауып көмектесуге қалалық әкімшілігі тырысады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дипфейкті түпнұсқадан қалай ажыратамыз?
17.02.2026, 20:09
Алаяқтықтың жаңа түрі: Банк карталарын бұғаттай бастады
17.02.2026, 20:07
Экологиялық автомобиль мен авиация отынын өндіретін зауыт салынады
17.02.2026, 20:06
Импорт көлемін азайтуға арналған бағыттар айқындалды
17.02.2026, 20:02
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен сөйлесті
17.02.2026, 20:00
XXV қысқы Олимпиадаға шолу
17.02.2026, 17:39
Алматылық әжелер өте ұзын сырмақ сырып, рекорд жасамақшы
17.02.2026, 17:38
СҚО-да түз тағыларын қолдан жемдеу маусымы басталды
17.02.2026, 17:36