Тараздағы тәртіпсіздік кезінде 30-дан астам кәсіпкер шығынға батты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздағы тәртіпсіздік кезінде 30-дан астам кәсіпкер шығынға батты

14.03.2022

Тараздағы тәртіпсіздік кезінде 30-дан астам кәсіпкер шығынға батты. Орталық алаңдағы қақтығыста 300 гу жық адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінген болатын. Солардың бірі - полиция қызметкері Нұрсұлтан Қозиев екі жерден оқ тиіп, ауыр жарақтат алған. Қазір, ол сауығып шыққанымен, денесініндегі оқ әлі алынбады.

Қаңтар оқиғасынан кейін үш ай өтсе де, Нұрсұлтан толық айыққан жоқ. Денсаулығы жарамайтын болғандықтан әзірге үйде. Жуырда оған операция жасалуы тиіс. Қаңтардағы дүрбелең кезінде орталық алаңда болған полиция инспекторы әлдекімдердің оқ жаудырғанын айтады. Атылған оқтың біреуі жамбасына,екіншісі арқасына тиген.

Нұрсұлтан Қозиев, Ювеналды учаскелік полиция инспекторы:

Оқ тиген кезде бірінші сезілген жоқ білген жоқпыз. Одан әрі қарай жүріп кеттік. Сол кезде мен сезе бастадым, арт жағым жып-жылы боп кетті қанап жатқанын. Сөйтіп көліктен түсіп көрейін деген кезде, аяғымды тіресем аяғымды тірей алмадым. Сезілмеді. Сосын білдім мына жерге жамбасқа оқ тигенін.

 Нұрсұлтан полиция қызметінде 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Әкесі де осы саланың ардагері. отбасында інісі екеуі әке жолын жалғап, ел тыныштығын күзетуді мақсат еткен. Жаппай тәртіпсіздік орын алған күні қос ұлын уайымдап, түн ұйқысын төрт бөлген анасы, бейбіт өмірдің қадірі бәрінен биік екенін айтады.

Айман Сиқымбаева, анасы:

 Қаңтар оқиғасы біздің жанұямыз үшін өте қиын жағдай болды. Жалғыз біз емес, бүкіл қазақстандықтар үшін оңай болған жоқ. Бейбітшілік заманда балаларымыз ешқандай жаманшылық көрмесе екен деп тілейміз.

Қаңтар оқиғасы кезінде өңірде 7 ғимарат бүлінді. 5 нысан жуырда жөнділіп бітеді. құрылыс жұмыстарына 5 миллиард теңгеге жуық қаржы жұсмалды.

Данияр Асқарұлы, облыс әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі:

Зардап шеккен нысандардың барлығында құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Мәселен, Жамбыл облысы әкімдігінің ғимараты 95 пайызға аяқталды. Қазір жиһаздарды орналастыру жұмыстары жүруде.

Қақтығыс салдарынан 30-дан аса кәсіпкердің жұмысы тоқтап, оларға мемлекеттен өтемақы берілді. 300-дей адам медициналық көмекке жүгінді. Бүлік салған 2000-ға жуық күдікті ұсталып, оның 120-на қылмыстық іс қозғалды. Ал полиция қызметкерлері қылмыс жасап, ізін суытқандарды іздеуді әлі де жалғастырып жатыр.


Хабарламаларға жазылу