Филиппин аралдарында лай көшкінінен 12 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппин аралдарында лай көшкінінен 12 адам қаза тапты

21.09.2018

Филиппин аралдарында жауын соңы лай көшкініне ұласып, 12 адам қаза тапты. Тағы 50-ге жуығы із-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Тоқтаусыз жауған нөсерден, әсіресе, Кебу аралы зардап шегіп отыр. Мұнда көшелер өзенге айналып, үйлерді су басып, адамдар жаппай үйлерін тастап қауіпсіз жерлерге орналастырыуда.  Ал басқа аудандардағы тұрғындарға сақ болу ескертілді.

Айта кетсек, елге күшті соққы берген «Мангхут» тайфуны күшті жауын-шашынға алып келді. 100-ге жуық лай көшкіні тіркелді. Лузон аралы үлкен шығынға батты. Соңғы деректерге сүйенсек, дүлей дауыл бас-аяғы 88-ге жуық адамның өмірін қиды.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу