Өскемен қаласында 7 адам үйлі боламыз деп жүріп, сан соғып қалды. Арзан бағамен пәтер әперуге көмектесемін деген желеумен жас жігіт бәрін тақырға отырғызған. Қалалық әкімдікте істейтінін айтқан ол, клиенттерін салынып жатқан көпқабатты үйлердің қасына да апарып, болашақ баспаналарын көрсеткен. Оңай жолмен пәтер сатып аламыз деп дәмеленген аңғал жандар көліктерін сатып, несие рәсімдеп, туыс-туғаннан қарызданып тапқан ақшасын алаяққа қолма-қол беріп отырған. Тіпті, кейбіреулері қаражатты бергені жөнінде қолхат та жаздырмаған. Осылайша, 7 адам 60 миллион теңгесінен айырылып қалды. Күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Әсел Әміренова, Өскемен қалалық Ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы:
- Өскемен қалалық ІІБ облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны хабарласты. Оның айтуынша, бұрын әкімдікте жұмыс істеген танысы төменгі бағамен пәтер сатып беретіні туралы айтып, ақша алған. Осындай ұқсас жағдаймен қазіргі таңда қалалық Ішкі істер басқармасына 7 шағым түсті.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.