Қарағандыда полицей көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда полицей көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті

02.10.2018

Қарағандыда полицей көлігімен кісі қағып, мерт қылды. Оқиға Шахтинск қаласына барар тас жолда болған. Арнайы мамандандырылған күзет қызметі басқармасында істейтін 28 жастағы полицей көлігімен жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан адамды соққан. Ауыр жарақат алған 25 жастағы Шахтинск қаласының тұрғыны сол жерде көз жұмды. 

Жанатай Сембеков, облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

- Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу