Қарағандылық тағы бір полицей көлігімен кісі қағып кетті

17.09.2014
Қарағандылық тағы бір полицей көлігімен кісі қағып кетті

Қарағандыда тағы бір полицей көлігімен кісі қақты. Бұл жолы да Ішкі істер басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкері. Оқиға «Степной-4» ықшам ауданында болған. 23 жастағы ішкі істер саласының қызметкері жол бойында рұқсат етілмеген жерден қарсы бетке өтпек болған жаяу жүргіншіні көргенімен, тежегішті басып үлгермеген.

Жедел жәрдем жеткенше, 55 жастағы азамат  жантәсілім еткен. Полиция қызметкері жұмыс барысымен жекеменшік көлікпен жүрген. Арнайы сараптама қорытындысы бойынша оның ішімдік ішпегені анықталды.

 Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу