Өзбекстанда құмды дауылдан бірнеше облыс жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда құмды дауылдан бірнеше облыс жарықсыз қалды

20.06.2023

Өзбекстанның үлкен бөлігінде құмды дауыл көтерілді. Осыған байланысты Навои, Самарқанд, Бұқара, Джизак облыстарында 40 мыңдай үй шаруашылығы жарықсыз қалды. Дегенмен, елдің Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, бұл мекемеге зардап шеккен адамдар туралы мәлімет түспеген.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу