Оралдық фермер тың технологияны пайдаланып, өнімділікті арттырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдық фермер тың технологияны пайдаланып, өнімділікті арттырған

16.03.2021

Қазақ шаруалары еліміз ғана емес, бүкіл әлемді астықпен қамти алады. Бастысы егіс алқабында заманауи технологияларды кеңінен пайдалану керек, - дейді оралдық фермер Армат Бисенов. «100 жаңа есім» жобасына қатысып жатқан жас шаруа әкесінің қасында жүріп 13 жасынан комбайнға отырған. Бүгінде мыңдаған гектар жері бар іргелі агроқұрылымды басқарады. Бастапқыда гектарына 12 центнерден өнім алса, қазір өнімділікті 47 центнерге жеткізген.

Армат Бисенов, «Агросервис-Батыс» ЖШС директоры:
Тәжірибе алмасу мақсатында еліміздің өзге өңірлерін араладық. Кейін Ресей, Украина және Еуропа мемлекеттерінде болдық. Жасаған қорытындымыз, егіс алқабында ғылыми жетістіктерді жан-жақты қолданып, жаңа технологияларды пайдаланған жөн. Сонда ғана нәтиже болады. Бастысы ізденіп, еңбектенуден шаршамау керек. Еліміздегі әр фермер тәжірибе алмасуға, тың бастамаларға ынталы болса деймін.


Хабарламаларға жазылу