Ақтөбе қаласында жылыжай кешені ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе қаласында жылыжай кешені ашылды

29.11.2014
Ақтөбе қаласында жылыжай кешені ашылды

Ендігі міндет  - салаға озық технологияларды енгізіп, өнім сапасын барынша арттыру.

Әйтеке би ауданында тұратын фермер Орынбай Жолмұратов негізінен төрт түлік өсірумен айналысады. Ол - Ақтөбедегі көрмеге ұзақ сақталған қымыз бен ет өнімдерін ала келіпті. Мал шаруашылығының қыр-сырын жақсы білетін азамат алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, қымыз дайындау ісіне жаңа технологияны енгізбекші.

Ауыл еңбеккерлеріне «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясындағы көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары үлкен көмек болып отыр. Әсіресе, жаңадан іске қосылған кәсіпорындарды қаржылай сауықтыру мен агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің инвестициялық салынымдарға жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу өзінің тиімділігін көрсетті.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу