Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматы болып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматы болып шықты

18.09.2018

Алматыда қымбат көлік мінген азамат жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты. Мақатаев көшесінде болған оқыс оқиғаны фельдшер Гүлсім Рахимова таспаға түсіріп алған. Бейнекадрда «Фольксваген Пассат» жүргізушісі жедел жәрдем каретасында Николай Кучманы бас салып жұдырықтап жатқаны анық көрінген. Бұл видео бүгін «Фейсбук» желісінде жариялады. Ауыр науқасты ауруханаға жеткізуге асыққан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Николай Кучманың қабағы жыртылып, жабық ми жарақатын алған. Сөйтіп, науқастың өміріне араша түскен жедел топтың өзіне көмек керек болды. Ал, тәртіп сақшылары «Фольксваген Пассат» көлігінің жүргізушісі 1990 жылы туған Түркия азаматын ұстаған. Аталған дерек бойынша іс қозғалды. Тергеуді жан-жақты жүргізу үшін бірқатар сараптама тағайындалды. Сондықтан, жол үстінде жұдырық ала жүгірген жүргізуші жазасыз қалмайды.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу