БҚО-да атыстан бір адам жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да атыстан бір адам жарақат алды

18.09.2018

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында атыс болып, ер адам ауыр жарақат алды. Оқиға түнде «Ренко» қонақүйінің ауласында болған. Белгісіз біреулер қақтығысып, 41 жастағы азаматқа бірнеше жерден оқ тиген. БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі тергеу амалдарының басталғанын хабарлады. Әзірге оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Зардап шеккен азамат қазір ауруханада. 

Айнагүл Сақпосынова, Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- 1977 жылғы ер адам Бөрлі аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Көптеген оқ жарақатын алған. 2-3-інші дәрежелі травматикалық есеңгіреу диагнозы да қойылды. Қазір жағдайы бірқалыпты.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу