Қостанайда жаппай төбелес кезінде үш адам жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда жаппай төбелес кезінде үш адам жарақат алды

07.06.2021

Қостанайда түнгі клуб жанында жанжал болып, үш адам жарақат алды. Оқыс оқиға қаланың орталық бөлігінде, таңғы алтылар шамасында болған. Сол маңда болған куәгерлер атыс дауысын естігендерін айтады. Алайда шақырумен барып, төбелесті тоқтатқан полиция ешқандай атыс болмағанын айтады. Ауруханаға жеткізілген үш адамның бірінің иық, кеуде тұсына, екіншісінің жамбасына пышақ кірген. Ал үшіншісінің жағы сыныпты.

Ерболат Мырзатаев, Қостанай қаласы ПБ бастығының орынбасары: 
Тергеу барысында жас жігіттердің бір бойжеткен үшін сөзге келгені анықталды. Оның соңы төбелеске ұласып, жанжалға қасындағы достары да қосылған. Ауруханаға жеткізілгендердің жарақатында атыстан зардап шеккен белгілер жоқ.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу