Коронавирус Антарктидаға да жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус Антарктидаға да жетті

23.12.2020

Коронавирус Антарктидаға да жетті. Бұған дейін ол ковидтен таза жалғыз құрлық болған еді. Инфекция Чилиге тиесілі зерттеу орталығында 36 адамнан анықталған. Қазір олардың барлығы елге оралып, ем қабылдап жатыр.

Еуропада коронавирустың жаңа түріне қарсы шектеу шаралары күшейді. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жаңа штамның жылдам таралатынын растады. Осыдан кейін Еуропалық Одақ азаматтарды Ұлыбританияға барып-келуден бас тартуға шақырып отыр.

Дегенмен Франция Біріккен Корольдік үшін жабылған шекарасын қайта ашпақ. Мемлекет екі ел арасындағы жүк тасымалы мен жолаушылар қатынасына рұқсат берді. Алайда олардың ковид жұқтырмағаны туралы анықтамасы болуы керек. 

Жансая Қапасқызы

коронавирус

Хабарламаларға жазылу