Еліміздің 3 қаласында шектеу шаралары күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 3 қаласында шектеу шаралары күшейді

26.03.2020

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шаралары күшейді. Бүгін Президент жанындағы Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады. Соған сәйкес, 28 наурыз күнгі сағат 00.00-ден бастап, азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу, халық көп жиналатын орындарды жабу, атап айтқанда, саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және тағы басқа орындар. Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу, кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салынады.

Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласындағы Абай ауданында «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабында үйді-үйді аралауды ұйымдастырумен 14 күнге созылатын карантин енгізіледі. Бұдан бөлек, Шымкент қаласында әуежайдың, теміржол вокзалы және автовокзалдың, балабақшалардың жұмысы тоқтатылады. Халық көп жиналатын жерлер жабылады. Қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы сағат 18.00-ге дейін шектеледі. Қоғамдық көлік қозғалысы кезең-кезеңмен шектеледі.

 Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу