Олар Қордай ауданының орталығында бірнеше үйді тонап қана қоймай, иелерін өлімші етіп сабап кеткен. Қарақшылардан таяқ жеген 68 жастағы Владимир Бойко аурухана төсегінде екі апта жатып, көз жұмды. Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 3 күдікті қолға түсіп, істеген қылмыстарын мойындады. Олар ұрлаған заттарының барлығын ауыл маңындағы зиратқа жасырып келген. Қазір күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің бірнеше бабы бойынша іс қозғалды.
Арман Оразалиев, Жамбыл облыстық ІІД басшысы:
- Барлық күдіктілер ұсталды. Тергеу барысында жәбірленушіге тиесілі заттары дәлелдеме ретінде алынды. Тергеумен анықталғандай, ұсталғандардың екеуі ауыр және аса ауыр қылмыс жасап, бұрын сотты болған. Қордай ауданының тұрғындары болып шықты.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.