Түркияда коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі өршіп барады
Түркияда коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі өршіп барады. 41 мыңнан аса адамнан мутант вирус анықталған. Елде наурыздың басында карантиндік талаптар жеңілдетілген соң вирустың таралуы қайта өршіп кеткен. Әсіресе ірі үш қала- Анкара, Ыстамбұл мен Измирде эпидахуал нашарлады. Алдағы дүйсенбіде Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың таралуына қатысты жаңа карта жариялайды. Соның негізінде вирус тез таралған аймақтарда қайтадан коменданттық сағат енгізілуі мүмкін. Ал бүгінге дейін Қытайдан алынған 50 млн дана Синовак вакцинасының 15 млн-ы Түркияға әкелінді. Қалған бөлігін елге жеткізуде бірқатар қиындықтар туындаған.
Фахреттин Қожа, Түркияның Денсаулық сақтау министрі:Вакцинаны жеткізу мен оның тиімділігіне қатысты айтар болсам, біз вакцина өндіру ісін ерте қолға алған елдермен бәсекеге түсіп жатырмыз. Бұл жолда кедергілер аз емес. Соған қарамастан біз бүгінге дейін 10 млн-нан аса отандасымызға екпе салдық. Вакцинаны жеткізу қиындықтарына байланысты екпе жұмыстары шамалы баяулағанымен, алдағы уақытта вакцина салу ауқымын ұлғайта бермекпіз.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда «Қыран елім – Қазақстаным!» салтанатты іс-шарасы өтті
25.10.2025, 18:01
Ақтөбеде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша жаңа мектеп ашылды
25.10.2025, 17:33
Мәдениет және ақпарат саласы үздіктеріне мемлекеттік награда табысталды
25.10.2025, 17:32
Президенттің атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті
25.10.2025, 17:32
Н.Ахмедова Әлем чемпионатында қола медаль еншіледі
25.10.2025, 17:30
Алматыда асыл тұқымды тазы иттерінің көрмесі өтіп жатыр
25.10.2025, 17:30
Абай облысында жаңа саябақ ашылды
25.10.2025, 17:30
Қазақстан Республикасы Президентінің үстел теннисінен Халықаралық Ашық Кубогы басталды
25.10.2025, 17:30