Бішкекте халық жаңа конституцияға наразылық білдіріп жатыр
Қырғызстан астанасы Бішкекте халық конституцияға енгізілетін өзгерістерге қарсы наразылық білдірді. Олар парламенттің таратылуын талап етуде. «Ақ үй» маңында өткен митингке 50 шақты адам жиналған. Айта кетсек, наурыздың 3-де Жоғарғы Кеңес депутаттары Ата Заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қабылдады. Алайда мамандардың хабарлауынша, дауыс беру барысында ережелер өрескел бұзылған. Митингке жиналғандар ел президенті Садыр Жапаровты жаңа Конституция арқылы билікті заңсыз басып алмақ деп айыптап, талаптар орындалмаса, шерулерді жалғастыратынын айтты.
Исхак Масалиев, митингке қатысушы:Былтыр қазанның 28-де парламенттің уәкілеттігі тоқтады. Сондықтан оның заңға өзгеріс енгізуге еш құқығы жоқ. Депутаттардың бұл әрекеті заңсыз. Біз жаңа Парламент құрамын жасақтауды аяқтау қажет деп ойлаймыз. Содан кейін ғана заң реформасы жүргізілуі тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04