Атырауда көпірден секірмек болған қыз құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда көпірден секірмек болған қыз құтқарылды

09.08.2018

Атырауда көпірден секіргісі келген бойжеткен құтқарылды. Оқиға болған күні Атырау қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының инспекторы өзіне белгіленген аумақты тексеру кезінде көпірден секіріп, өзіне қол жұмсағысы келген бойжеткенді байқаған. Ол бұл туралы дереу Жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлайды. Бірнеше минуттан соң «Батыс-18» экипажы оқиға орнына жетіп, сол маңдағы жолай тұрғындармен бірлескен іс-әрекеттің нәтижесінде бойжеткен құтқарылды. Ал, қыз баланың өз-өзіне не үшін қол жұмсамақ болғаны белгісіз. Онымен мамандар жұмыс істеуде.  

Айсұлу Әбілқасова, Атырау қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының инспекторы:

- Басшыларымыз бізге тек қана автокөлікті, көшенің тәртібін қадағаламай, адам өмірін де қадағалау керектігін айтқан. Сондықтан, осы адамды ажалдан арашалап қалу үшін тез арада «Батыс» қызметкерлеріне, Жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарластым.

Азамат Тілепқалиев, Атырау қалалық ІІБ ЖПП инспекторы:

- Оқиға орнына жеткен кезде қыз баланың көпір үстінен секірейін деп тұрағанын байқағандықтан, жедел қолынан ұстап, көпірден құлап кетпеуіне жағдай жасадық. Сол кезде ВАЗ-2104 автокөлігінің жүргізушісі мен артындағы жолаушысы дер кезінде көмекке келіп, қыз баланы көпірден түсіріп алуға көмектесті.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу