Оралда көлік ұрлаған 9 жасар бала жол апатына түсті
Зардап шеккендер жоқ. Оқиға кеше кешкісін Саяжай кентінде болды. Жүргізуші көлігін аулада ашық қалдырған. Мұны байқаған балақай сол бойда темір тұлпарды тізгіндеп кете барған. Көп ұзамай ол «Лада Гранта» жеңіл көлігімен соқтығысады. Автөлікке зақым келгені болмаса, адамдар дін аман. «Үйде көбейту кестесін жаттап отырған баламның көшеге қалай шығып кеткенін сезбей қалдым», - дейді әкесі. Сондай-ақ, ол механикалық басқарудағы көлікті жүргізуді өзі үйреткенін айтады.
Назерке ТОҚЖАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысындағы Қаражар ауылына газ мерзімінен ерте жеткізілді
21.08.2026, 10:09
Ресейде жас ғалымдар сайлауға белсенді түрде қатыспақ
21.08.2026, 10:08
Колумбияда шахтадағы апаттан 13 жұмысшы қаза тапты
21.08.2026, 10:07
Вашингтон Ислам республикасын тарихтағы ең қатаң санкцияға алмақ
21.08.2026, 10:06
Мұнай бағасы бірден 2 пайызға қымбаттады
21.08.2026, 10:05
БҚО-да математика, химия пәндерінің мұғалімдері тапшы
21.08.2026, 10:04
Елорда әкімдігінің білім грантын иеленгендердің тізімі бекітілді
21.08.2026, 10:03
Абай облысында полиция жолда ереже бұзатындарды дронмен анықтауға кірісті
21.08.2026, 10:02