Қарттар үйінде қарияны пышақтап өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарттар үйінде қарияны пышақтап өлтірді

01.08.2018

Орал қаласындағы Қарттар үйінде қайғылы жағдай болды. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 71 жастағы қарияны пышақтап өлтірген.

Қанды оқиға дәл осы мекемеде болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 1947 және 1957 жылғы қос қария бір бөлмеде тұрып келген. Бір-бірімен сөзге келіп қалып, бірі екіншісінің кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Жедел жәрдем станциясына хабарлама түскі 13:40-та түскен. Алайда, ауыр жарақаттан Жомарт Өтеғалиев дәрігерлер келгенше көз жұмды. Бұл оқиғадан кейін орталыққа кіру тіптен қиындады.

Телефон арқылы тілдескенімізде мекеме басшылығы қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Кісі өліміне әкелген жағдайдың жай-жапсарын қазір полиция қызметкерлері анықтау үстінде.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу