Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты

04.03.2021
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты

Қытай миллиардерлер саны мыңнан асқан әлемдегі жалғыз ел атанды. Мұны елдің Hurun зерттеу иституты мәлімдеді. 

Жыл басында ҚХР-да миллиардерлер саны 1,058 мыңды құрады. Яғни, 259 адамға көбейген.

Ал жалпы алғанда әлемдегі миллиардерлер саны өткен жылы 3228 адамға жетті. Бір жыл бұрынғыдан 412 адамға көп. 

Қытайдағы ең бай адам - Nongfu Spring компаниясының иесі Чжун Шаншань. Оның байлығы 85 миллиард доллар деп бағаланады. Екінші және үшінші орындарда Tencent инвестициялық холдингтік компанияның негізін қалаушы Ма Хуатэн ($74 млрд) мен Pinduoduo ауылшаруашылық платформасының операторы Колин Хуан ($69 млрд) тұр. Ал Alibaba Grouр-тің негізін қалаушы Джек Ма төртінші орында. Оның байлығы - $55,6 млрд. 

Хабарламаларға жазылу