Қырғызстан Президенті Баянғали Әлімжановқа «Достық» орденін табыстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстан Президенті Баянғали Әлімжановқа «Достық» орденін табыстады

03.03.2021

Қырғыз Предиденті Садыр Жапаров Қазақстандағы жалғыз манасшы Баянғали Әлімжановқа «Достық» орденін табыстады. Бауырлас қос елдің тарихы, салты, әдебиеті мен мәдениеті біте қайнасып жатыр. «Мұндай өнегелі ісіңіз өзгелерге үлгі боларлық іс және көршілес елдердің ынтымағы мен бірлігін одан әрі дамытуға септігін тигізеді», - деді Садыр Жапаров. 

Баянғали Әлімжанов, ақын:
Осындай еңбегімді бағалап, «Достық» орденін беріп жатқандарыңызға мың да бір рақмет. Өзімнің қазақтың жырын қандай жақсы көрсем «Манасты» сондай сүйіп өстім. Өмір бойы осыны айтып келе жатырмын.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу