РФ ішкі барлау қызметінің директоры С.Нарышкинге ІІ дәрежелі Достық ордені табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

РФ ішкі барлау қызметінің директоры С.Нарышкинге ІІ дәрежелі Достық ордені табысталды

21.10.2016
РФ ішкі барлау қызметінің директоры С.Нарышкинге ІІ дәрежелі Достық ордені табысталды

Ресей Федерациясы Ішкі барлау қызметінің директоры,  Мемлекеттік думаның бұрынғы спикері Сергей Нарышкин жаңа қызметіндегі алғашы марапатқа ие болды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов С.Нарышкинге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ІІ дәрежелі Достық орденін табыстады.  

«Сіз РФ Үкіметінің төрағасы орынбасары қызметінде болған кезде Еуразиялық интеграцияға қатысты сауалдар  көтеріле бастады.Кейін бұл мәселе Қазақстан мемлекеті басшысының тапсырмасымен қолға алған жұмыстар нәтижесінде Еуразиялық одақ деңгейіне көтерілді,  қазір ол жемісті жұмыс істеп жатыр», - деді К.Мәсімов.

Нарышкин  өз кезегінде екі елдің қауіпсіздік және барлау қызметі салаларында ортақ міндеттердің барын және оның үлкен маңызға ие екенін атап өтті.

Видео:youtube.com

Хабарламаларға жазылу