Депутат Алаш арыстарын ұлықтауды сұрады
Алаш арыстарын ұлықтауға жергілікті билік құлықсыз. Бүгінде жұртшылық Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы сынды бірнеше тұлғаны ғана таниды. Алайда Алаш қайраткерлері әлдеқайда көп. Екі жыл бұрын «Ақ жол» партиясы «Алаш» мәдениет және рухани даму институтымен бірігіп, белгісіз болып келген 700-ден астам қайраткердің тізімін дайындаған. Тізімге әр өңірдің жергілікті «алаштықтары» енгізілді. Енді солардың есімдерін көшелерге, мектептерге беру ұсынылған. Бірақ жергілікті басшылардың жауаптары жалтарма. «Бұл саяси қателік», - деген Қазыбек Иса Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады. Мұндай шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында маңызды болмақ.
Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өзіне ғана Алаш арманы үшін айқасқан 125 адамның тізімін жібердік! Атап айтсақ, Тұрағұл Абайұлы, Биахмет Сәрсенов, Хамит Тоқтамысов, Жахабай Әтікұлы, Жұбандық Болғанбайұлы және тб. Олардың барлығы еліміздің азаттығы үшін өз өмірлерің саналы түрде құрбан етті. Осы 125 батырдан бір адамның аты ескерілді ме? Жоқ. Ең өкініштісі - осындай жағдай барлық облыстар мен қалаларда да қалыптасып отыр.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жылына 200-ден астам баланың жүрегіне ота жасалады
18.03.2026, 20:58
Наурызнама: 4 мыңға жуық тұрғын ұлттық киіммен шеруге шықты
18.03.2026, 20:55
Қарағандыда дрондар бауырсақ таратты
18.03.2026, 20:54
«Халық таңдауы – жарқын болашақ» флеш-фестивалі өтті
18.03.2026, 20:51
Көкпардан Ұлттық құрама Қытайдан басым түсті
18.03.2026, 20:49
Әлем жаңалықтарына шолу
18.03.2026, 20:17
Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан әлемде ұшақ билеттері қымбаттап жатыр
18.03.2026, 20:15
Таяу Шығыстағы Қазақстан дипломаттары қандай жағдайда елге қайтарылады?
18.03.2026, 20:13