Apple мен Netflix Өзбекстанда. Сарапшы пікірі
Әлемдік брендтер - Apple мен Netflix Өзбекстанда өкілдіктерін ашқалы жатыр, көрші мемлекеттен «қалып» барамыз деген «қобалжуға» орай Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабековпен сұхбаттастық.
Геосаясатты зерделейтін экспертке одан басқа тағы екі сауал қойдық. Бірі Армениядағы жағдай – әскерилер премьер Пашиняннан билікті тартып алғысы келеді, ал Пашинян әскери төңкеріс қаупін айтып, өзі де көшеге шықты. Армения конституциясына сай, қарулы күштер бас штабының жетекшісін премьер-министрдің ұсынуымен президент тағайындайды, жұмыстан шығарады. Бірақ Армения президенті Армен Саркисян қарулы күштер бас штабының жетекшісі Оник Гаспарянды жұмыстан шығару туралы жарлыққа қол қоюдан бас тартты.
Мұнан соң Пашинян оған ұсынысын екінші рет жолдады. Енді Саркисян үш күн ішінде жарлыққа қол қояды, не премьер-министр Пашинян конституциялық сотқа жүгінеді. Сарапшыға қойған екінші сауал: Кривоносов есімді белорус полковнигі Президентінің қолын алғасын күш дарыды деп, ол «қуатты» әріптестеріне «таратқан», Беларусьтағы осы «сүйіспеншіліктің» астары туралы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілер тізімі жарияланды
25.09.2026, 13:30
Әскерилердің отбасына көмек көрсетуге бірыңғай оператор белгіленді
25.09.2026, 13:27
Құрылтай Төрағасы әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты
25.09.2026, 13:24
Инвестициялық форум бір минут үнсіздікпен басталды
25.09.2026, 13:21
Шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері көңіл айтуда
25.09.2026, 13:18
Маңғыстаудағы төтенше жағдай: 12 сараптама тағайындалды
25.09.2026, 13:15
Бірқатар лауазымды әскери тұлға күдікке ілінді
25.09.2026, 13:12
Ауруханадағы сарбаздың жағдайы жақсы
25.09.2026, 13:09