«Ақтөбе – Орынбор» тас жолында «КамАЗ» көлігінің жүргізушісін атып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақтөбе – Орынбор» тас жолында «КамАЗ» көлігінің жүргізушісін атып кетті

25.04.2018

«Ақтөбе – Орынбор» тас жолында «КамАЗ» көлігінің жүргізушісін белгісіз біреулер атып кетті. Оқ жарақатынан 52 жастағы Валерий Морозов көз жұмды. Қазір бұл оқиғаға байланысты іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүруде.

Ақтөбеде осыған ұқсас оқиға бұған дейін де тіркелді. 6 сәуір күні қалаға қарасты Ақшат ауылының тұсында Мәскеуден Қырғызстанға бет алған шағын автобусқа оқ атылып, жолаушының ақшасы мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен болатын. Ол жолы жәбірленуші аман қалды. Қазір өңірдегі тас жолдарда патрульдік қызметтің жұмысы күшейтілді. Құқық қорғау органдары жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Болат Көшқалиев, облыстық ІІД Тергеу басқармасының бастығы:

- Фактілер бойынша тексеріліп жатыр. Облыс аймағында жедел профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Хабарламаларға жазылу