Зейнетақы есебінен көрсетілетін медициналық қызметтерді көбейту керек - депутаттар
Зейнетақы жинағының есебінен көрсетілетін медициналық қызмет түрлері жеткіліксіз. Депутаттар бекіген тізімді сынға алып, кеңейтуді сұрады. Өйткені, кейбір қымбат ем-дом құжатқа мүлде енбей қалған. Мәселен, экстракорпоральді ұрықтандыру. Бұл мемлекет тарапынан тегін көрсетілетін қызмет түріне жатады. Ал, миллиондаған қазақстандықтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруы жоқ. Осыны сала министрлігі ескермеген. Бұдан тыс, зейнетақы жинағын ауыр сырқаттан кейінгі оңалтуға, қалыпқа келуге, сондай-ақ косметологиялық операцияларға жұмсауға рұқсат берілуі керек деп отыр.
Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Әсіресе бедеулік мәселесіне тоқталғым келеді. Елдегі әрбір алтыншы отбасы балалы бола алмайды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен, биылдан бастап экстракорпоральді ұрықтандыруға квоталар саны 7000-ға дейін ұлғайды. Бұл мемлекет тарапынан үлкен қолдау. Бірақ бұл да жеткіліксіз. Кезекте 10 мыңнан аса адам тұр. Яғни, 3000 отбасы осы мемлекеттік квотаны ала алмайды.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әзербайжан Қазақстан халқына көңіл айтты
25.09.2026, 09:13
Қаза тапқан әскерилердің отбасына Halyk қоры қолдау көрсетеді
25.09.2026, 09:12
Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасына қаржылай көмек көрсетеді
25.09.2026, 09:04
Әскери қызметшілердің қазасына қатысты тергеу жүріп жатыр
25.09.2026, 09:02
Қанат Бозымбаев жоғалған әскери қызметшілерді үздіксіз іздеуді тапсырды
25.09.2026, 08:39
Оқу-жаттығу кезінде 12 әскери қызметші қаза тапты
25.09.2026, 08:37
Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні
25.09.2026, 08:37
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11