«Ауылдан шыққан миллионер» атты кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауылдан шыққан миллионер» атты кітап жарық көрді

24.02.2021

Балалар әдебиеті тағы бір тың туындымен толықты. Елордада жазушы Сәуле Досжанның «Ауылдан шыққан миллионер» кітабының тұсауы кесілді. 

Хикая жастайынан нарық талабын біліп өскен баланың өмірдегі жетістіктерін баяндайды. Осы арқылы кәсібін бастауға ниетті жастарға жол көрсетеді. «Бай болсам» деп армандаған балаға рухани тәлім береді. Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында балаларға арналған шығармаларды насихаттауды тапсырған. «Ауыл» партиясының қолдауымен жарық көрген туынды шалғайдағы кітапханаларға тегін таратылмақ.

Сәуле Досжан, кітаптың авторы:
«Ауылдан шыққан миллионер» балаларды еңбекке баулиды. Мотивациялық шығарма. Ілгері қарайды. Қазір енді оны башқұрт тіліне, швед тіліне аударамыз деп жатыр. Орыс тіліне аударылып жатыр.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу