ЕО Ресейге жаңа санкция жариялау мәселесін қарастырып жатыр
Еуроодақ Ресейге жаңа санкция жариялау мәселесін талқылап жатыр. Сол үшін аймақ елдерінің сыртқы істер министрлері Брюссельде бас қосты. Германия өкілі Хайко Маас оппозиция лидері Алексей Навальныйды соттағандар жауапқа тартылуы керек деп есептейді. Өзге дипломаттардың сөзінше, кезекті санкция аясында келесі айда президент Владимир Путиннің сыбайластарының сапары шектеліп, есепшоттары бұғатталуы мүмкін.
Навальный Германиядан оралған бойда тұтқындалып, шартты жаза ережелерін орындамады деген айыппен 3 жарым жылға сотталды. Оппозиционер өзіне тағылған кінәні саяси астары бар деп мойындамады. Ал, Ресей үкіметі адам құқықтарын таптағанын жоққа шығарып, одақты елдің ішкі істеріне араласты деп айыптап отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Qurban.muftyat.kz сайты іске қосылды
14.05.2026, 13:27
Жетісу облысында 4 шақырым жерді тазалады
14.05.2026, 13:21
АҚШ-тың блокадасынан Кубада отын таусылды
14.05.2026, 13:18
Трамп пен Си Цзиньпин арасында келіссөздер өтіп жатыр
14.05.2026, 13:15
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
14.05.2026, 13:12
Жеңіл өнеркәсіп өндірісі 2 есе артты
14.05.2026, 13:09
Сенат жаңа ордендерді мақұлдады
14.05.2026, 13:06
Түркі өркениетіне ортақ тұлғаларды насихаттау аса маңызды
14.05.2026, 13:03