Лагерлер «мектеп-интернатқа» теңелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лагерлер «мектеп-интернатқа» теңелді

12.03.2019

Қытай Шыңжаңда мұсылмандар үшін «концентрациялық лагерлер» құрды деген мәліметтерді жоққа шығарып, ол мекемелерді «мектеп-интернат» деп атады. Бұл турасында бүгін Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Аймағының басшысы Шохрат Закир Бейжіңде мәлімдеді. Оның айтуынша, «кәсіби дайындықтан қайта өткізу» орталық арында мұсылмандар тіл үйреніп, заң оқып, тәжірибе жинақтайды. Қытай билігінің сөзінше, осындай орталықтар экстремизм қаупіне қарсы тұру үшін қажет. 

Алайда, бұған сенбеген шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қытай үкіметін 1 миллиондай ұйғыр мен өзге де мұсылмандарды лагерлерге қамады деп есептейді. Ал, АҚШ әкімшілігі Шыңжаңның лауазымды шенеуніктеріне санкция жариялау мәселесін таразылап жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу