АҚШ 30 күн ішінде Ресейге тағы да санкция жарияламақ
АҚШ алдағы 30 күн ішінде Ресейге 2016 жылы Америкада өткен президенттік сайлауға араласқаны үшін жаңа санкциялар жарияламақ. Мұны бүгін Құрама Штаттардың қаржы министрі Стивен Мнучинге сілтеме жасап «Bloomberg» агенттігі хабарлады. «Күтсеңіздер болады, біз қазіргі санкцияларды орындап жатырмыз және жаңасын енгіземіз», - дейді Американың бас қаржыгері. Бұған дейін «Рейтер» де президент Дональд Трамптың айналасындағы адамдардың сөзіне сүйеніп, Вашингтонның Мәскеуге қарсы тағы да шектеулер әзірлеп жатқанын хабарлады. Ақ үй әкімшілігі Владимир Путиннің маңындағы 210 шенеунік пен олигарх туралы «Кремль баяндамасын» жариялағанда да санкция мәселесін көтерген еді.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Заңғар Нұрланұлы тарихи нәтиже тіркеді
19.01.2026, 10:17
Еуропа лидерлері тарифке қатысты пікір білдірді
19.01.2026, 10:14
Сирия үкіметі елді толық бақылауға алды
19.01.2026, 10:14
Жамбыл облысында бес ауылды орталықпен жалғап тұрған көпір апатты жағдайда
19.01.2026, 10:12
Ақмола облысында су бақылау гидротехникалық нысаны салынады
19.01.2026, 10:12
Елімізде «Жасанды интеллект туралы» заң күшіне енді
19.01.2026, 10:11
V ұлттық құрылтай: Секциялық жұмыстар басталды
19.01.2026, 10:10
Ертең Ұлттық құрылтайдың V отырысы Қызылордада өтеді
19.01.2026, 10:09