Батыс Қазақстан облысында Чижа-2 ауылы қызыл судың құрсауында қалып қойды
Әлеуметтік желіде тұрғындар мектепке қайықпен жетіп жүргендіктерін айтып, бейнежазба қалдырған. Биыл қар қалың түсіп, еріген су ойпаң жерге жиналды. «Дереу су сорғызу жұмыстары жүргізіліп, жағдай тұрақталды», - дейді аудан әкімдігі. Алайда, басты қауіп ауыл маңындағы Чижа өзенінен болуы мүмкін. Мұнда су деңгейі кей жерлерде 771 сантиметрге дейін көтерілген.
Марс Отаров, облыстық ТЖД бөлім бастығы:
- Чижа-2 өзені бойынша таңғы сағат 9-да көрсеткіш 771 см. болса, сағат 2-дегі көрсеткіш 766 см. 2011 жылы жоғары көрсеткіш 846 см. жеткен. Сол кезде кейбір елді мекендер суға кетті. Әзірге тұрғын үйлерге су кіргені туралы факті орын алған жоқ. Дегенмен, өзен әлі мұздан толық ажыраған жоқ.
Назерке ТОҚЖАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысындағы Қаражар ауылына газ мерзімінен ерте жеткізілді
21.08.2026, 10:09
Ресейде жас ғалымдар сайлауға белсенді түрде қатыспақ
21.08.2026, 10:08
Колумбияда шахтадағы апаттан 13 жұмысшы қаза тапты
21.08.2026, 10:07
Вашингтон Ислам республикасын тарихтағы ең қатаң санкцияға алмақ
21.08.2026, 10:06
Мұнай бағасы бірден 2 пайызға қымбаттады
21.08.2026, 10:05
БҚО-да математика, химия пәндерінің мұғалімдері тапшы
21.08.2026, 10:04
Елорда әкімдігінің білім грантын иеленгендердің тізімі бекітілді
21.08.2026, 10:03
Абай облысында полиция жолда ереже бұзатындарды дронмен анықтауға кірісті
21.08.2026, 10:02