Былтыр күздегі Жолдауында Президент Қ.Тоқаев қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізуді тапсырған. Биылдан бастап бұл үлгі заң күшіне енді. Апта басында Мемлекет басшысы Бас прокуратураның басшылық құрамымен кездескенінде -Жаңа модельдің арқасында бір айдың ішінде 692 адамды қылмыстық қудалаудан арашалап қалдық, деді. Нақақтан күйіп кетпеуді айтып тұр. Қылмыстық процестің үш буыны деген не, қысқаша сипаттасақ:
Бірінші буын – полиция – қылмысты зерттеп, қатысы барларды анықтап, дәлелдер жинауы керек. Екінші звено – прокурор – жиналған дәлелдерге тәуелсіз баға беріп, қылмысқа қатысы жоқ адамдардың тартылып кетпеуін қадағалап барып, қойылып отырған айыпты сотта қолдауы тиіс. Үшінші звено – сот – органдардың әрекеттеріне шағымдарды қарап, шешім шығаруы тиіс. Мұның ішінде прокурорлық сүзгінің маңызы өте жоғары.
Әңгімелеп тұрған жиында Президент прокуратура органдарына жыл сайын тұрғындардан өте көп арыз-шағым түсетінін, тек соңғы үш жылдың ішінде 650 мыңға жуық шағым берілгенін айтты. Шын мәнінде «түк те шықпайды» деп жазбайтындар бар. Дегенмен 650 мыңның өзі дәл дерек болмаса да, әділетсіздіктің қаншалықты зор екеніне нұсқайды.
Әсима Нұрбайқызы соңғы уақытта онсыз да қиналып жүрген кәсіп иелерінің күйіп кетіп отырғандары көп екенін фактілермен әңгімелейді.