Маңғыстау облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

02.03.2018

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 7 адам тірідей жанып кетті. «Lada Largus» автокөлігі мен «Shacman» жүк көлігі соғысқан. Оқиға Шетпе елді мекенінің маңында  Ақтау-Бейнеу бағытында таңғы сағат 06.00-де болған. Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында көз жұмған жолаушылардың алтауы Өзбекстан азаматтары делінген. Бейресми ақпарат бойынша, «Largus» жүргізушісі қалааралық таксиші. Қазір опат болғандардың аты-жөндері анықталып жатыр. Апат бойынша Өзбекстанда шұғыл байланыс желісі іске қосылды. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Жазира Әбіл, ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы:

- Ақтау-Бейнеу тас жолында жүк көлігі мен «Lada Largus» соқтығысты. Салдарынан жүргізуші мен алты жолаушы қайтыс болды. Қазір олардың жеке тұлғасы анықталып қалды. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұдан өзге, ақпарат Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша жариялануға жатпайды.

 

Айсара АЙТМАН

Хабарламаларға жазылу