Петропавлда волейболдан ел чемпионаты өтіп жатыр
Петропавлда қыздар арасында волейболдан ел чемпионаты өтуде. Бұл ұлттық лиганың IV айналымы. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жарысқа Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан өңірлерінен 8 команда қатысып жатыр. Кездесулер пандемияға байланысты жанкүйерлерсіз өтуде. Жарыс 19 ақпанға дейін жалғасады. Плей-офф, яғни турнирдің қорытынды кезеңі наурыз айында өтеді
Жақып Биданов, жарыстың бас төрешісі:
Бұл жерде 8 команда бір-бірімен төртінші рет кездесіп жатыр. Олар қанша ұпай жинағаны белгілі болады осы турда. Себебі бесінші турды плей-офф дейміз. Ол жерде бірінші команда, төртінші орындағы командалармен кездеседі. Ал жеңген команда үшінші, төртінші командалармен кездеседі. Екі жеңіске дейін сондай кездесу болады.
Сағындық Сәбитұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы