Қазақстан 67 млн тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отыр
Қазақстан былтыр мұнай экпортының көлемін аздап төмендетті. Себебі 2020 жылдың мамыр-шілде және тамыз-желтоқсан аралығында барлау жұмыстарына шектеу қойылды. Бұл өз алдына ОПЕК+ ұйымына кіретін мұнай экспорттаушы мемлекеттер арасында өндірісті тәулігіне 9,7 млн баррельге дейін төмендету туралы мәміле аясында жүзеге асырылған. Сәйкесінше өткен жылы 59 млн тонна мұнай экспортталды.
Биыл еліміз 67 млн тоннадан астам қара алтын өндіруді жоспарлап отыр. «Қазақстандық мұнай өңдеуге өте қолайлы әрі сапалы. Сондықтан әлемде сұраныс өте жоғары», - дейді Каспий құбыр желісі консорциумының бас директоры Николай Горбань.
Қазір Жерорта теңізі маңындағы мемлекеттермен қоса, АҚШ пен Қытай отандық қара алтынға қызығушылық танытып отыр.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27