Елімізде балық қорын көбейтетін шаруашылық жоқтың қасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде балық қорын көбейтетін шаруашылық жоқтың қасы

14.02.2021

Жыл басында Үкімет қаулысымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағында Балық шаруашылығы комитеті құрылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі құрамында болған Балық шаруашылығы комитеті 2014 жылы таратылған еді. Содан кейін балық шаруашылығының проблемасы көбейген.

Жалпы, балықшы дегенде образ ретінде Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен терінің» кейіпкерлері еске түседі. Роман балықшылар ғана емес, елдің тағдыры туралы иірімді трилогия болса да. «Қан мен тер» «Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу» атты үш кітаптан тұрады, ал қазіргі заманда өзен жағалағанның өмірін сипаттайтын шығарманы қалай атауға болады?

Балық аулаушы көп, бірақ балық қорын көбейтетін шаруашылық жоқтың қасы. Алакөл ауданындағы Қамысқала ауылының тұрғындары осы кәсіппен күн көріп келеді. Балықшылардың проблемаларын Қуаныш Қанатұлы арнайы репортажында баяндайды.


Хабарламаларға жазылу