Елордада 3 млн теңге ұрлағандар видеоға түсіп қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 3 млн теңге ұрлағандар видеоға түсіп қалған

11.02.2021

Елордада бір топ жігіт кәсіпорын жұмысшыларын соққының астына алып, 3 млн теңгесін үптеп кетті. Олардың оқиға орнынан табанын жалтыратқаны видеоға түсіп қалған. Зардап шеккен компания менеджері полицияға шағымданды. Ол есепшімен банкоматтан 10 млн 900 мың теңге шешіп алғанын айтады. Сосын көлікке жақындай бергенде белгісіз төртеу ақша салынған қоржынға жабысып, күш бермеген соң газ баллонын бүріккен. Сөйтіп машинаға отырып, көзден ғайып болды дейді.

Шұғыл-іздестіру шарасы аясында 18-23 жас аралығында 7 күдікті қолға түсті. Барлығы тергеу изоляторына жабылды. Ұсталғандар ақшаның бір бөлігін жаратып қойған. Тек 700 мың теңге тәркіленді. Сондай-ақ қылмыстық іс бойынша тергеу кезінде аталған серіктестік қызметкерлерінің оқиға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу