Балқашта қыз ұзатудан қашқан қонақтар видеоға түсіп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқашта қыз ұзатудан қашқан қонақтар видеоға түсіп қалды

17.02.2021

Балқашта қыз ұзатудан қашқан қонақтар видеоға түсіп қалды. 

Қаладағы мейрамханада өткен ұзату тойының меймандары тексеріс келгенде артқы есіктен қашып шыққан. Мобильді топ іште 150-ге жуық адам болғанын анықтады. Санитарлық талаптарды бұзғаны үшін үйлену тойын ұйымдастырушыға да, тапсырыс берушіге де әкімшілік хаттама толтырылды. Енді салтанатты шараны ұйымдастырушы 87 мың теңге, мейрамхана иесі 700 000 теңге көлемінде айыппұл төлейді. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу